Қарағандыда жеке үйден өрт шығып, әйел қаза тапты

361

Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  

Қарағандыда жеке үйден өрт шығып, әйел қаза тапты Фото: Қарағанды ТЖД

Департаменттің мәліметінше, үйден өрттің шыққаны туралы хабарлама сағат 22.00-де түскен. Қызыл жалын сағат 22.56-да жойылды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

“Қарағандыда Морозов көшесіндегі жеке үйлердің бірінен 70 шаршы метр аумақта өрт шықты. Оқиға орнында 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі ашық отты пайдалану жатады”, - делінген хабарламада.

ТЖД дерегінше, үйде қайтыс болған әйелдің жұбайы да болған. 1964 жылы туған ер адамда көміртегі тотығымен уланудың орташа дәрежесі тіркелді. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу