Қарағанды қаласында жеке үйден шыққан өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД алдын ала деректеріне сәйкес, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан болды.
Ресурстың жазуынша, үйде 30 шаршы метр алаңда ағаш шатыр жабыны, терезе мен есік саңылаулары, үй жиһаздары, заттар өртенген.
Өрт салдарынан үй иелері 62 жастағы әйел мен 65 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша олар көміртегі тотығымен уланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу