Қарағандыда жеке үйлердің бірінде 5 келіден астам есірткі заттары анықталды

557

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде 5 келіден астам есірткі заттары анықталды Фото: polisia.kz

Қарағандылық тәртіп сақшылары қаладағы жеке үйлердің бірінен салмағы 5 келіден асатын есірткі заттарын тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

27 қазан күні полицейлер жеке үйлердің біріндегі тұрмыстық жанжалды шешуге барады. Үйдегі бөлмелердің бірінен шарада тұрған жасыл түсті иісі бар өсімдік тектес зат анықтады.

Жеке үйде Ресей Федерациясының азаматтары – 55 жастағы үй иесі мен азаматшаның 28 жастағы ұлы болды. Бұдан бөлек үйде Грузиядан келген 53 жастағы азамат та болған.

Аталған үйдің гаражынан қара полимерлік пакетке салынған төрт қарасора сабақтары және есірткі пайдалану құралдары тәркіленді.

Ақпаратқа сәйкес, сараптама қорытындысынан соң тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 5 келі 200 гр марихуана екені анықталды.

Жүргізілген медициналық куәландыру 28 жасар азаматтың есірткі пайдаланғанын көрсетіп отыр. Үй иесінің ұлы есірткі қолданғанын мойындамаған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу