Қарағандыда желілер мен энергия көздерін жаңартудың жол картасы әзірленеді

515

Қарағанды облысында Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарына 63 іс-шара енгізілді.  

Қарағандыда желілер мен энергия көздерін жаңартудың жол картасы әзірленеді Фото: den-der.kz

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау және іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Әр бағыт бойынша тапсырмалар белгіленді, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыстық әкімдімдігіне сілтеме жасап.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бүгінде бүкіл инфрақұрылымның әлсіз буыны болып табылады. Облыстың жеті энергия көзінің негізгі жабдықтарының жағдайы қазандықтардың – 75%-ға, турбиналардың – 70%-ға жоғары тозуымен сипатталады. Теміртау, Шахтинск қалалары қауіпті аймақта тұр. Осыған ұқсас жағдай жылу желілерінде орын алуда. Коммуналдық ұйымдардың инвестициялық бағдарламалары мәселені шешпейді", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын жаңарту және тозуын азайту бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Әр елдімекен бойынша сипаттама болуы керек.

Агроөнеркәсіптік кешенде тереңдете өңделетін өнім шығару жобаларын ұсыну талап етіледі. Бұл облыс тұрғындарын жергілікті тауарлармен қамтамасыз етуді арттыруға септігін тигізеді. Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау жалғасын табады.

"Тұрғындар бізден бос цифрлар мен көрсеткіштерді емес, нақты нәтиже күтеді. Әрбір көрсеткіштің артында нақты істер, сапалы әрі уақытылы аяқталған жобалар тұруы тиіс", – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу