Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

904

Экипаж мүшелері қаза болды.

Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 "Полярис" типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2 адамнан тұратын экипаж қаза болды", – делінген хабарламада.

Аталған авиациялық апат бойынша ҚР ИИДМ азаматтық авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу