Қарағандыда ЖЭО-3 магистралі қайта жаңартылады

498

Қарағандыда үшінші жылу құбырының құрылысы жалғасуда.

Қарағандыда ЖЭО-3 магистралі қайта жаңартылады Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Бұл жаңа шағын аудандардағы жылу тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын аралау кезінде жылумен жабдықтауды жақсарту үшін қандандай жұмыстср атқарылып жатқанын тексерді. Ең алдымен облыс әкімі ЖЭО-3 жанындағы жылу магистралінің учаскесіне барды.

"Жылыту маусымында мұнда тұтынушылардың жылумен жабдықтау сапасына әсер ететін бірнеше ақаулар болды. Биылғы жылы бюджеттен Бірінші учаскеге қаражат бөлінді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Құбырдың диаметрі жылудың көбірек өтуі үшін ұлғайтылады", – деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Оның айтуынша, қазір мердігерді таңдау бойынша конкурс жүріп жатыр. Осыдан кейін олар бірден жұмысқа кіріседі.

Сондай-ақ, Қарағандыда кезең-кезеңімен М10 жылу магистралі қайта жаңартылады. Бұл Оңтүстік-Шығыс тұтынушыларына сапалы және үздіксіз жылу береді және жаңа ғимараттарды қосу үшін резервті қамтамасыз етеді. Пришахтинск жылу желілері де жаңғыртылуда.

Ермағанбет Бөлекпаевқа ұзындығы 22 шақырымды құрайтын үшінші жылу құбырының құрылысы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда екі жолақпен шамамен 14 км құбыр төселіп, төрт сорғы станциясының қаңқалары тұрғызылды.

"НС Система" ЖШС бас инженері Сергей Фриктің айтуынша, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде, алты дәнекерлеу бригадасы мен 52 арнайы техника жұмылдырылды.

Осы жылы сорғы станциялары мен оларды өзара байланыстыратын құбырлардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құбырларды төсеу жалғасады.

"Бұл өте маңызды жоба. Жаңа ғимараттарды жылуға қосу үшін болашақта қор қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы – жұмыстың сапасы, сондықтан бақылау тұрақты болады", – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен қатар қалада вандалға қарсы жергілікті материалды қолдана отырып, магистральдық құбырлар оқшаулануда. Бұл қазірдің өзінде жылу шығынын азайтты. Биыл жоспарланған 76,2 шақырым толығымен аяқталады.

Өңір басшысы орамішілік желілерді оқшаулаумен айналысуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу