Қарағандыда жер үйде жарылыс болды

762

Үйінді астынан 2 адам шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жер үйде жарылыс болды Фото: бейнеден Төтенше жағдай министрлігі

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты.

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.       

"Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды. Себептері анықталуда", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, өртті жоюға ТЖД, апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу