Қарағандыда жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

362

Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты Фото: ТЖД Қарағанды

Қарағанды қаласында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оқиға 2 қараша күні Луганская көшесінде орналасқан екі пәтерлі бір қабатты үйде болған.

“Жалпы ауданы 80 шаршы метр аумақта тұрғын үйдің, үй заттары мен жиһаздың ағаш конструкциялары өртенді. Оқиға болған жерден 1953 жылы туған әйел мен 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды”, - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Бүгінде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте мамандар 11 рет құтқару жұмыстарына шықты. Оның ішінде 6 рет өртке байланысты, 5 рет авариялық-құтқару жұмыстарына аттанған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу