Қарағандыда жертөледе қамалып қалған ер адам құтқарылды

144

Зардап шеккен ер адамның дауысын естіген көршілері дереу 112 нөміріне хабарласқан.  

Қарағандыда жертөледе қамалып қалған ер адам құтқарылды Фото: Видеодан скриншот

Құтқарушылардың көмегімен ер адам жертөледен құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды қаласы Новоселов көшесіндегі гараж аумағында оқыс жағдай орын алды. 1971 жылы туған ер адам гараждың жертөлесіне құлап, өздігінен шыға алмай қалған.

Оның дауысын естіген көршілері бірінші болып 112 нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары ер адамды жертөледен шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу