Қарағандыда жоғалған бүлдіршіндерді полиция іздеп тапты

302

Өткен демалыста қалада кішкентай екі баланың жоғалғаны туралы хабар кешкі уақытта келіп түскен.      

Қарағандыда жоғалған бүлдіршіндерді полиция іздеп тапты Фото: polisia.kz

Өз үйінің ауласынан шығып кеткен 4 жасар ұл мен 1 жасар қыз шұғыл іздестірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анасы балаларды бір сәтке бақылаусыз қалдырып, оларды бірден таба алмаған. Жақын маңды өзі шолып іздегенімен нәтижесіз аяқталады. Осыдан кейін полицияға хабарласып, санаулы минуттарда балалардың сыртқы келбеті мен фотосуреттері бар бағдарлама барлық бөлімшелерге таратылған.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қоса еріктілер қосылды. Іздестіру жұмыстары түнге дейін созылды. Түн ортасында полиция қызметкерлері балаларды үйден алыс жерден тапты.

"Балалар аман-есен табылды. Мұқият медициналық тексеруден өткеннен кейін, олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екеніне көз жеткізіп, анасына табысталды", – деп хабарлады жергілікті полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу