Полиция департаменті қарияны іздеуге қала мен облыс полициясының барлық гарнизоны жұмылдырылғаны жөнінде хабарлаған.
"17 қараша күні сағат 20.40-та ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені анықталды. Бүгінгі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 16 қараша күні 72 жасар қарағандылық азамат үйінен шығып, қайта оралмады. Қарияның қызы әкесінің денсаулығында кінарат болғанын хабарлаған. Іздеу жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы жүргізіліп, тәртіп сақшылары мен еріктілер де жұмылдырылған болатын.