Қарағандыда жоқ пәтерлерді сатқан алаяқ ұсталды

458

Күдікті әлеуметтік желіге жалған фотосуреттерді қойып, "пәтерлерді" сатқан.

Қарағандыда жоқ пәтерлерді сатқан алаяқ ұсталды Фото: Polisia.kz

Қарағандыда алаяқтық пен ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті құрықталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 21 және 35 жастағы қала тұрғындарынан арыз түсті. Арызданушылардың екеуі де алаяқтың құрбаны болған. Олар пәтер жалдамақшы болып, әлеуметтік желіден фотосуреттері бар пәтерді көріп, бірі “жалға берушіге” 45 мың теңге ақша жіберсе, екінші жәбірленуші 60 мың теңге ақша аударған. Алайда олар өздеріне қажетті пәтерді жалға ала алмаған. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің 66 жастағы зейнеткердің үйінен жалпы құны 54 мың теңгеге велосипед пен ойыншық ұрлағаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу