Оқиға 23 ақпанда Қарағанды-Балқаш тас жолының Ақшатау кентінің маңында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Вечерняя Караганда" телеграм арнасына сілтеме жасап. Петр Васильченко тізгіндеген Мерседес пен Газель соқтығысты.
Петр Васильченко алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әйелі ауруханаға жеткізілді. Ол Қарағандыдағы "Орион" нан өнімдерін пісіретін ірі компанияның негізін қалаушы және директоры болды.
Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш Нан" нан зауытын сатып алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу