Апат салдарынан Тойота маркалы жеңіл көліктің ішіндегі жүргізуші мен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 15.00 шамасында Абай қаласынан 1 шақырым жерде болды.
Полицейлердің мәлімдеуінше, 39 жастағы Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласынан шығып бара жатып, алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Avensis және Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Mercedes-Benz Sprinte автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Avensis автокөлігінің 10 жастағы жолаушысы оқиға орынында мерт болды. Mercedes-Benz Sprinte және Toyota Avensis автокөліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасы болған жолдың бөлігі уақытша жабылды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.