Күн райының күрт нашарлауынан әрі жолаушылар қауіпсіздігі үшін "ҚазАвтоЖол" осындай қадамға баруға мәжбүр.
Облыста "Астана-Қарағанды-Алматы" тасжолының 1 505-1 610 шақырымы (Сарыарқа ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы) учаскесінде автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілуде. Жолдың болжалды ашылу уақыты – 2 қаңтар, сағат 13:00.
Осы уақытта Ұлытау өңіріндегі Жезқазған-Петропавл тасжолы (Ұлытау кентінен Қостанай облысы қаласына дейін) және Қарағанды облысы бойынша Екатеринбург-Алматы тасжолының 1 353-1 426 шақырымы (Ақмола облысы, Теміртау қ. ақы төлеу пункті) уақытша жабылды.
Сондай-ақ қарлы боран салдарынан Қарағанды-Теміртау тас жолында жүруге рұқсат жоқ.
Сағат 00:30-дан бастап Қарағанды-Астана бағытындағы көлік қозғалысына да шектеу енгізілген.
– 2 қаңтарда күн райының нашарлауына, жанама жел мен қарлы боранға байланысты Алматы-Екатеринбург тасжолында Қарағанды қаласынан Ақмола облысына қарай сағат 00:30-дан бастап көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жауаптылар көлік жүргізушілеріне күн райының нашарлауына байланысты алыс сапарға шықпауын қайта-қайта ескертіп жатыр.