Қарағандыда жолақы төлеудің электрондық жүйесі қашан іске қосылады

601

Қарағандыда "ONAY" қызмет көрсету орталығы ашылды.

Қарағандыда жолақы төлеудің электрондық жүйесі қашан іске қосылады

Компания қызметкерлері халыққа жол жүру ақысын төлеу карталарын ресімдеу, толтыру және қайта шығару бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсете бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің сайтына сілтеме жасап. 

– Қарағандының автобус парктері "ONAY" Алматы компаниясымен қызмет көрсету туралы шарт жасасты. Бұл компанияны таңдауға Алматыда жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесі табысты енгізілуі түрткі болды. Біз жүйені енгізу мерзімдерін, төлеудің баламалы тәсілдерінің болуын, көлік карталарының теңгерімін бірден толықтыру мәселелерін зерделедік, – дейді Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Электронды жолақы төлеу жүйесін осы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ретте Қарағандыда сараланған тариф ақпан айынан бастап қолданыла бастайды. Егер "ONAY" картасын пайдаланған кезде жол жүру құны 80 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлеген кезде жолаушыларға 150 теңге төлеуге тура келеді.

5 қазаннан бастап "ONAY" бірыңғай карталарын сату нүктелері ОӘД, "Таир" СОО, Майқұдықтағы "Ұмай" СҮ, Оңтүстік-Шығыстағы "Раха" СҮ, сондай-ақ Мануильский көшесі, 17а Халық банкінің ғимаратында және Пришахтинскідегі "Юма" супермаркетінде ашылады. Келушілер карталарды сатып алып қана қоймай, жеңілдік карталарын рәсімдей алады.

Карталардың құны – 500 теңге. Теңгерімде бір сапар ақысы болады.

– ONAY компаниясы көлік карталарының төрт түрін жүзеге асырады. Бұл "Бірыңғай" – барлық азаматтар үшін. "Әлеуметтік", оны 20-ға жуық жеңілдік санаттарға ие азаматтар пайдалана алады. Ол тегін беріледі. Және "Зейнеткер" картасы. Бұл картаны пайдаланушылар алатын зейнетақы мөлшері 21 АЕК-тен асатын зейнеткерлер болып табылады. Сондай-ақ, "7-15 жастағы балалар" картасы бар. Ол оқу орнында жауапты тұлғамен рәсімделеді және беріледі. 1 желтоқсанға дейін оны тегін алуға болады. Балалар картасы бойынша жол жүру құны – 40 теңге, – деп хабарлады Алматы қаласы Көлік холдингінің директоры Садир Хамраев.

Пайдаланушылар "ONAY" карталарын интернет-банкинг арқылы да, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да, сондай-ақ "ONAY" мобильді қосымшасы арқылы да толықтыра алады. Автобустарда жол жүру ақысын бірнеше жолмен төлеуге болады. Карталарды пайдалану және толықтыру ережелері туралы толық ақпаратты ONAY.KZ сайтынан немесе компанияның сall-орталығынан (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша білуге болады.

– Бөгде компанияның көлік карталары бар (Smart Card) Қарағанды тұрғындары оларды біздің қызмет көрсету орталықтарымызда тегін айырбастай алады. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы және қайта шығару туралы өтініш толтыруыңыз қажет, – деп толықтырды Садир Хамраев. – Біздің карталарымыздың басты ерекшелігі – Қарағанды тұрғындары оларды Алматыда, ал алматылықтар, керісінше, Қарағандыда пайдалана алатынында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу