Өткен түні Қарағанды облысында автожолдарда қар құрсауында тұрып қалған 20 адам құтқарылды, деп хабарлайды облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
Ұлытау ауданы автожолдарында қарлы боран салдарынан тұрып қалған көліктердегі 4 адамға көмек көрсетілді. Ал Жезқазған-Ұлытау тасжолында қалып кеткен 3 жеңіл көлік эвакуацияланды. Дәл осындай жағдай Абай, Шет ауданында да орын алды.
Сонымен қатар таңертең құтқарушылар Қарағандыға Алматы-Екатеринбург тасжолында бұзылған микроавтобуспен қалып кеткен адамды жеткізді.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты автокөлік жолдары жабылды, ал Астанада н барлық бағытқа жол жабық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу