Қарағандыда жөнделмеген гидротехникалық нысан көп

794

Елдегі 1 823 гидротехникалық нысанның 527-сі жөндеуді қажет етеді. Мұны бүгінгі үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. 

Қарағандыда жөнделмеген гидротехникалық нысан көп

"Республика аумағында 1 823 гидротехникалық тірек құрылысы бар. Қаңтардағы жағдай бойынша 1 646 гидротехникалық құрылыс тексерілді. Олардың ішінен 527 нысан жөндеуді қажет ететіні анықталды. Оның 396-сы коммуналдық меншікте.
Жөндеуді қажет ететін гидротехникалық құрылыстардың ең көбі Қарағанды облысында орналасқан. Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұсынымдар жіберілді", – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, су басу қаупін жою үшін министрлік апаттық жағдайдағы 41 су қоймасы мен гидротехникалық нысанды қайта күрделі жөндеуге берген.

"Кейінгі бес жылда 16 нысан қалпына келтірілді. Нәтижесінде, 120 мыңнан астам халқы бар 16 ауылдық елді мекендерде су басу қаупі жойылды", – дейді Брекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу