Қарағандыда жүк көлігі аударылып, 2 тонна бензин жерге төгілді

701

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қарағандыда жүк көлігі аударылып, 2 тонна бензин жерге төгілді

Қарағандыда жүк көлігі аударылып, шамамен 2 тонна бензин жерге төгілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 16 ақпанда сағат 12.15-те Қарағандыдағы 15-магистраль мен Попов көшелерінің қиылысында жүк көлігі аударылған.

"Салдарынан шамамен 2 тонна бензин жолға төгілді. Оқиға орнында өрт болмаған. Жанармай 300 шаршы метр аумаққа төгілген", – деп жазылған хабарламада.

ТЖД қызметкерлері бензин төгілген жерге көбік шашқан.

"Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жанармай төгілген жол бөлігін полиция уақытша жапты. Аударылған цистернаны ТЖД және "ГазОйлПром" ЖШС қызметкерлері көтерді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу