Қарағандыда жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін ұрлағандар ұсталды

541

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қарағандыда жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін ұрлағандар ұсталды Фото: zakon.kz

Қарағандыда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директоры арызбен шағымданды. 

Ол өзіне тиесілі серіктестіктің өндірістік базасынан жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерінің жоғалғаны туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азамат пен 32 жастағы азаматша ұсталды.

Олар ұрланған заттарды сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу