Қарағандыда жұмыртқа бағасының қымбаттауына делдалдар себеп болған

546

Делдал ЖК  "Носиков" әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Қарағандыда жұмыртқа бағасының қымбаттауына делдалдар себеп болған Фото: adyrna.kz

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу мониторингі барысында "Агрофирма Курма" ЖШС өндіретін жұмыртқаға үстемеақы мөлшерінің шектен асқаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Баға тізбегінде делдалдың қатысуы арқылы бағаның асып кетуі орын алып отырғаны анықталды. Департамент пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде баға үстемесін асырғаны үшін делдал ЖК  "Носиков" әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өндіруші "Агрофирма Курма" ЖШС азық-түлік жұмыртқасының сату бағасын 470 теңгеден 430 теңгеге дейін немесе 9,5%-ға төмендетті.

Қаржылық мониторинг агенттігі өндірушілер мен дистрибьюторлардың ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының нормаларын сақтауын тағы да еске салады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу