Қарағанды Мансап орталығы жұмыс берушілер мен ізденушілерді 7 қыркүйекте Тanda.enbek.kz электрондық еңбек биржасы платформасында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысуға шақырады. "Мүмкіндіктер аумағы" іс-шарасы жастарға жұмыс орнын анықтауға көмектеседі.
Онлайн-жәрмеңке өткізілетін күні үміткерлер қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жібере алады. Сондай-ақ компаниялардың HR-менеджерлерімен сөйлесуге, қызықтыратын сұрақтар қоюға және сұхбатқа немесе бейне сұхбатқа шақырулар алуға мүмкіндік болады.
Онлайн жәрмеңкеге қатысу үшін үміткерлер tanda.enbek.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтіп, жеке кабинетте өзекті түйіндеме дайындау керек.
- Іс-шараның ұзақтығы: 11:00-ден 17:00-ге дейін.
- Сұрақтарды келесі телефон нөмірі бойынша қоюға болады: (8-7212) 996-493, 996-397, 996-394