Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолының 27-шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалын шарпыған кезде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өз бетінше шыққан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу