Қарағандыда жүзден аса бос жатқан жер телімі саудаға салынды

826

Қарағандыда жүзден аса бос жатқан жер телімі саудаға салынды

Қарағандыда 111 бос жер телімдері саудаға салынды. Олардың барлығы бағытты мақсатқа ие, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Федоров су қоймасының жағалауында билік өкілдері кәсіпкерлерге демалыс орындарын жасауды ұсынып отыр. Қазыбек би атындағы ауданда баспа өнімдерін және халық тұтынатын тауар сататын дүңгіршектерге арналған орын бар. Октябрь ауданында спорттық-сауықтыру орталықтары, балабақшалар, көпқабатты үйлер, автокемпингтер және жол бойындағы қызмет нысандарына арналған жер телімдері саудаға қойылады. Жаңа сауда үйлер, көпқабатты үйлер мен балабақшалар салуға арналған жерлерді Оңтүстік-Шығыс шағын ауданда алуға болады. 
Қала әкімдігінде мәлімделгендей, аталмыш бос жер телімдері қажетті құжаттар әзірленген соң саудаға салынады. 
Жер телімдерінің толық тізімі Қарағанды әкімдігінің сайтында орналастырылған. 
Одан бөлек сауда өткізу орны мен уақыты жарияланатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу