Қарағандыда жыл соңына дейін ірі көтерме-тарату логистикалық орталық іске қосылады

1186

Мекеменің қуаттылығы бір мезгілде 12 мың тонна заттарды сақтауға шақталған.

Қарағандыда жыл соңына дейін ірі көтерме-тарату логистикалық орталық іске қосылады

Қарағандыда жыл соңына дейін ірі көтерме-тарату логистикалық орталық іске қосылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда "Алфарух" ЖШС көтерме-тарату логистикалық орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Құны 10 млрд теңгені құрайтын жобаға "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілген. Оны осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Компания басшылығының айтуынша, нысандардың дайындығы қазіргі таңда 80-90%-ды құрайды. Алдағы екі ай көлемінде инвестор құрылыс жұмыстарын аяқтап, барлық қажетті құрал-жабдықтарды орнатып, төртінші орамда логистикалық орталықты іске қоспақ.

Құрылыстың жалпы ауданы – 21 га. Мұнда азық-түлік сақтауға арналған қоймалар орналасады. Қойма және логистикалық қызмет түрлерінің толық кешені қарастырылады. Контейнерлік алаңдар, кедендік рәсімдеу аумағы жабдықталады.
Жасалған жағдай теміржол арқылы және авто жолдармен жеткізілген тауарларды қабылдауға мүмкіндік береді. Азық-түлікті сақтау үшін қазіргі заманғы әмбебап тоңазытқыш камералар орнатылады. Мекеменің қуаттылығы бір мезгілде 12 мың тонна заттарды сақтауға шақталған.

Жобаны жүзеге асыру аймағымызда тауарлардың бағасын төмендетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қарағандыда қосымша жұмыс орындары пайда болады, сонымен қатар электронды саудаға арналған алаң құрылады.
Соңыра кәсіпорын дамытылып, логистикалық орталықты кеңейтудің екінші кезегі 2019-шы жылы жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу