Қарағандыда жылу қазандығы заңсыз салынған

446

Шағын орталық қазандықтардың мәселесі облыс бойынша, тек 2024 жылы толық шешілмек.

Қарағандыда жылу қазандығы заңсыз салынған

Қарағандыда жұртты 3 жылдай жылумен жарылқап келген қазандық айналасында шу шықты. Бұған дейін еш кедергісіз жұмыс істеп келген нысан, аяқтасты, заңсыз орнатылған болып шықты. Жергілікті билік: "қазандық экологиялық талаптарды орындамай келген" деген желеумен кәсіпкердің қызметін тоқтатып тастаған. Тиісті сот шешімі де шығып қойған. Мұны естіген халық: "қақаған аязда жылусыз қаламыз ба?!" деп қазірден алаңдап отыр. Қыстың қамын жаз ойлаған тұрғындардың мәселесі қалай және қашан шешілмек? 

Қала іргесінде орналасқан Күнгей ықшам ауданында 15 мыңнан астам адам тұрады. Соның бес жүзге жуығы келесі жылы жылусыз қалуы мүмкін.  Себебі, қазандық иесі экологиялық талаптарды орындамай, заңды белшеден басқан. Оның зардабын енді халық тартпақ.

"Қыс бойы не істейміз?!  Міне бүкіл қариялар осы үйдің тұрғындары. Біз қыста үсеміз бе не істейміз? Біздің қазіргі талабымыз мынадай Күнгейге газ келмегенше, бұл қазандық жұмыс істесін", - деп пікір білдірді қала тұрғыны Гүлмира Боранбаева.

Ал, облыстық экология департаменті басшылығы қарашаның жылусыз қалатынына бас қатырғысы келмейді. Айтуларынша, экологиялық талаптарды орындамаған қазандық жұмысы соттың шешімімен тоқтатылады. 

"Қазіргі таңда сот шешімімен бұл қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Жетінші мамыр күні үкім күшіне енуі мүмкін. Егер шағым түспесе. Енді осы сұрақтарды жауап беру үшін біз жергілікті әкімдікті шақырғанбыз. Өкіншке орай олар келмей қалды", -  деп түсіндірді Облыстық экология департаментінің басшысы Дархан Исжанов.

Жиында бұл мәселеге араласы бар билік өкілдері төбе көрсетпеді. Бірақ, жеке сұқбат берді. Айтуларынша, жұрт жылусыз қалмайды. 

"Газды кательня орнатылады. Сол үйлерді соған жалғайтын боламыз. Сонымен қатар, 64 үй бар бізде. Сол 64 үйді олар бұрын өз пештерімен жылытылған. Сол қайттан өз пештеріне қайту міндетті болады", - деді Қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Рүстем Қожақапанов.

Десе де, шағын орталық қазандықтардың мәселесі облыс бойынша, тек 2024 жылы толық шешілмек. Себебі, сол кезде ғана орталықтандырылған газ жүйесі іске қосылады деген жоспар бар. Ал, оған дейін  Күнгейдің 64 жекеменшік үй иелері бұрын салынған пештерін жағып күнелтетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу