Қарағандыда жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді

559

Қарағандыда жүк көлігі майыстырып кеткен жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді. Мамандар ақау болған жерді дәнекерледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағандыда жылу магистралінің құбыры қалпына келтірілді Фото: zakon.kz

Таңғы сағат 5:30-да Камаз жүргізушісі диаметрі мың миллиметр болатын негізгі құбырды соғып кеткен болатын.

Салдарынан қаланың орталық бөлігіне берілетін жылудың қысымы төмендеді. Қазір жағдай қалыпты. Ал көлік иесі айыппұл төлейді.

"Магистарльды құбырды қалпына келтіруге бар болғаны 15 минут уақыт кетті. Қазір құбырдың ақау шыққан аумағын суға толтырып жатырмыз. Шамамен 1-2 сағатта температура көтеріледі", - деп мәлімдеді Андрей Ляпунов, "Қарағанды Теплотранзит" компаниясының бас директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу