Қарағандыда жылу желілерінде апат болды

375

Оқиғаның мән-жайын "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС айтып берді. 

Қарағандыда жылу желілерінде апат болды Фото: Inbusiness.kz

Қарағандыда 2024 жылдың 10 қаңтары күні кешке жылу желілерінде апат болды. Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен ақау пайда болды.

"Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі "Панель-Центр" жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы орын алды, қысымның күрт көтерілуінің нәтижесінде гидросоққы пайда болып Әшімов көшесінде ақау орын алды", - деп жазылған ресми ақпаратта.

"Теплотранзит Қарағанды" ЖШС ақаудың сипатын анықтау мақсатында су сору жұмыстарын жүргізуде.

Ақауды жоюға 2 авариялық бригада 8 техника жұмылдырылды.

Жұмыс жедел режимде жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу