Қазір "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС-ның монтаждау бригадалары мәселені шешу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жылу құбырларындағы қысымның төмендеуі Восток-5, Көгілдір тоғандар және Оңтүстік-Шығыс аудандарының бір бөлігінде, атап айтқанда Гүлдер ықшам ауданы, Мұқанов көшесі, және Таугүл шағын ауданында байқалды.
"Ақау орны анықталды, жөндеу бригадалары шұғыл түрде іске кірісті. Тұтынушыларды уақытша I-кезектегі тарату құбырына ауыстыру жүзеге асырылды. Бұл кезеңде жылу беру параметрлерінің уақытша төмендеуі мүмкін. Біз жағдайды барынша жылдам шешуге тырысып жатырмыз", – деп хабарлады "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС ресми парақшасында.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақау толық жойылғаннан кейін жылу желілеріндегі қысым қайта қалыпқа келтіріліп, барлық тұрғындарға тұрақты жылу беру қамтамасыз етіледі.