Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйектен басталады

Бірінші кезекте балабақшалар, мектептер, ауруханалар жылумен қамтамасыз етіледі.

Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйектен басталады

Тұтынушылар орталық жылуға кезең-кезеңмен қосылады. Тұрғын үйлерге жылу беру ПИК, МИБ және ЖМ өтінімдері бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Дайындық актілерінің көшірмелерін қоса бере отырып, өтінімдерді Пригородная, 9/2 мекенжайы бойынша "Теплотранзит Караганда" ЖШС кеңсесіне беру қажет.

Жылыту маусымының басталу күні – 2022-2023 қалалық әкімдікте өткен арнайы комиссияның отырысында облыстық мәслихаттың XII сессиясының шешімімен бекітілген.

Қарағанды облысында жылу беру кезеңін дайындау және өткізу қағидалары, Қарағанды гидрометеорология орталығының деректері және барлық мүдделі тараптардың келісімі бойынша анықталды.

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 қыркүйекте 1-ЖЭО, 3-ЖЭО, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, циркуляциялық режим орнатуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу