Қарағандыда жылыту маусымы аяқталуға жақын

514

Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.  

Қарағандыда жылыту маусымы аяқталуға жақын Фото: aikyn.kz

Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жылыту маусымы аяқталуға жақын. Өткен жылдағыдай, наразылықты болдырмау үшін тұрғындардың өтініштері бойынша жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды: біреуі суық десе, екіншісі ыстық деп шағымданады. ПИК, ЖС немесе МИБ органдары "Теплотранзит" ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі тиіс және бір тәулік ішінде жұмыстар жүргізілетін болады. Үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10°С және одан жоғары болған кезде қалада жылыту маусымын аяқтаймыз", – деп жазды Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов "Instagram" парақшасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу