Қарағандыда жылыжай жұмысшылары ереуілге шықты

475

Себебі, жұмыс беруші жарты жылдан бері зейнетақы мен медициналық сақтандыру төлемдерін жасамай келген.

Қарағандыда жылыжай жұмысшылары ереуілге шықты Фото: Ашық дереккөзден

Қарағанды облысы "Топар жылыжайының" жұмысшылары ереуілге шықты. Айтуларынша, жұмыс беруші жарты жылдан бері зейнетақы мен медициналық сақтандыру төлемдерін жасамай келген. Салдарынан жұрт несие, не тегін ем-дом алудан қағылған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал, бұл келеңсіздікті түсіндіруін талап еткен жылыжай қызметкерлеріне басшылары "ұнамаса, жұмыстан шық" деп қайтарады екен.  

Сондай ақ жылыжай басшылығы ешкімді жұмыстан шығармаймыз деп уәдесін берді. Өйткені, жұмысшылардың тапшылығы мұнда басты мәселе. Дегенімен, осы аптаның соңына дейін медициналық сақтандыру қорының қарыздары толығымен өтеліп, кешіктірілген бір айлық жалақы беріледі деп сендірді. Ал, зейнет ақы төлемдеріне берешек алдағы айларда жабылады дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу