Қарағандыда жылжымалы жұмыспен қамту бекеті жұмысын бастады

1022

Бұл жерде мамандар жұртқа бос жұмыс орындарын ұсынады.

Қарағандыда жылжымалы жұмыспен қамту бекеті жұмысын бастады

Мамандар халық көп шоғырланған жерлерге барып, бос жұмыс орындарын ұсынады, кәсіп ашуға кеңес береді. Себебі қазір жұрттың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар екен. Енді ақпан айының соңына дейін мұндай жылжымалы бекеттер облыстың барлық аудан, қалаларында іске қосылмақ.
Жылжымалы бекет әзірге тек Қарағанды қаласында жұмысын бастады. Түске дейін мұнда 100-ге жуық адам келіп, кеңес алған. Бұл жерде мамандар жұртқа бос жұмыс орындарын ұсынады. Қазір облыс бойынша түрлі мекемелерге 4 мыңнан астам жұмысшы қажет екен. Ал жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекеттен берілетін қолдаудың тетіктері түсіндіріледі.
Бүгінде өңірде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 4 мыңға жуық. Оларды жаппай еңбекпен қамту үшін жыл басында бірнеше орталық та ашылған болатын. Базарларда, теміржол вокзалында және сауда нүктелеріндегі 8 орталыққа екі айда 2 мыңға жуық адам жүгініпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу