Қарағандыдағы аударылған батутқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

1393

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қайтыс болған баланың отбасына барып, баланың ата-анасына көңіл айтты.

Қарағандыдағы аударылған батутқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қаза болған баланың отбасына көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қайтыс болған баланың отбасына барып, баланың ата-анасына көңіл айтты. Нұрлан Әубәкіров қала әкімдігі тарапынан жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетілетіні туралы мәлімдеді. Борис Рудаков биыл № 10 орта мектепте 5-сыныпты тәмамдаған. 

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская мен қалалық білім бөлімінің жетекшісі Гүлсім Қожахметова басқа да зардап шеккен балалар жатқан ауруханаларда болып, олардың жай-күйін біліп қайтты.   

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында қайғылы оқиға орын алған болатын. Қатты желдің салдарынан үрлемелі батут аударылып кетіп, нәтижесінде, оқиға орнында бір бала қаза тауып, тағы үш бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу