Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде балалар хлордан уланып қалды

499

Хлордан уланған баланың бірі ауруханаға түскен.

Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде балалар хлордан уланып қалды Фото: эспрессо.ру

Қарағандылықтар балабақшаға барған балаларының хлормен уланып қалғаны туралы шағымданды. 

10 шілдеде балабақшадан келген баланың бірі науқастанып ауруханаға түскен. Дәрігерлер баланың тамағы мен асқазанының химиялық күйік алғанын айтқан. Баланың анасы балабақшада тәрбиешінің өзі балғындарға стақанмен хлорлы су бергенін мәлімдеді.

Тексеріс өткізген білім бөлімі балалар уланып қалған  “Бәйтерек” бөбекжайындағы жағдайға  кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. 

Балабақшада далада балалар ойнап жүргенде екі бала су сұраған.  Тәрбиешінің бірі балабақша шәйнекте тұрған судан екі балаға берген.  Алайда шәйнекті тазарту үшін тәрбиешінің көмекшісі хлор таблеткасын салып қойған . Мұны балаларға су берген тәрбиеші білмей қалған. Хлор су ішкен екі баланың бірі ауруханадан ем алса,  екіншісі дәрігерлік көмекке жүгінбепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу