Қарағандыдағы балалар теміржолын жөндеуге 4 млн теңге бөлінді

885

Қарағандыдағы балалар теміржолын жөндеуге 4 млн теңге бөлінді

Қарағандыда орталық мәдениет және демалыс саябағында балалар теміржолын жөндеуге 2017 жылы қалалық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Қарағанды әкімдігінен хабарлады. 
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың халықпен есеп беру кездесуінде қоғам қайраткері Павел Шумкин билікті қаланың көрікті орындарына баса аназар аударуға шақырған болатын. 
"Биылғы жылы осы жолға бөлінген қаржы анамыздың туған күніне орамал сатып алуға ғана жетерлік ақша. Бұған байыппен қарау керек, – деп мәлімдеді Қарағанды тұрғыны. – Балалар теміржолы – көңіл көтеретін орын емес. Балалар бұл жерді жақсы көреді. Менімен келіспейтін адам жоқ шығар".
Тарихи нысанның болашағы үшін нақты шешім қабылдау керек, деп санайды Павел Шумкин.
karaganda-region.gov.kz сайтының редакциясы үстіміздегі жылы балалар теміржолына бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін анықтады. Жолдаған сауалға Қарағанды әкімдігінің өкілдері ақпарат ұсынды. 
Жалпы, теміржолда ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 миллион 240 теңге қарастырылған. Тиісті қаржы мәдениет, демалыс саябақтары және гүлбақтар басқармасына бөлінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу