Қарағандыдағы басты шырша 23 желтоқсанда жағылады

549

Қарағанды қаласының басты шыршасын жағу рәсімі 23 желтоқсанда өтеді, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Қарағандыдағы басты шырша 23 желтоқсанда жағылады Фото: gov.kz

Мерекелік іс-шара сағат 18:30-да Тәуелсіздік алаңында басталады. Ал, 19.00-де мерекелік отшашуды тамашалауға болады.

Ақпаратқа сәйкес, салтанатты рәсім Аяз Ата, Ақшақар, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтеді.

Сонымен қатар бұл күні Орталық саябақта желілік мұз айдыны өз жұмысын бастайды. Паркте 19:30-да концерт болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу