Қарағандыдағы Федоров су қоймасына 180 мыңнан астам шабақ жіберілді

1653

Енді оларды тек 4 жылдан кейін аулауға болады. 

Қарағандыдағы Федоров су қоймасына 180 мыңнан астам шабақ жіберілді

Қарағандыдағы Федоров су қоймасына тұңғыш рет 180 мыңнан астам жылтыр алтай тұқысының шабақтары жіберілді, деп хабарлайды 24.kz.

Енді оларды тек 4 жылдан кейін аулауға болады. Оған дейін қармақ салуға тыйым салынды.

Жалпы Федоров су қоймасы – облыстағы ең ірі тоғандардың бірі. Браконьерлердің кесірінен соңғы жылдары мұнда балық азайып кеткен. Мәселені мемлекет енді қолға алды. Су қоймасы тазартылып, санитарлық жағдайы қалыпқа келтірілген соң, Қарағанды балық өсіру шаруашылығы майшабақтарды арнайы көліктермен әкеліп төкті. Оны көктемде Ресейден жеткізіпті.

Мамандардың айтуынша, балықтың бұл тұқымы Орталық Қазақстанның аязына төзімді әрі тез көбейеді екен. Енді келешекте облыс аумағындағы босап қалған 100-ден астам тоғанның барлығын асыл тұқымды балық шабақтарымен толтыру жоспарда.

"Федоров су қоймасының биологиялық негіздемесі бар. Осы уақытта ауаның температурасы 5-10 градустан аспау керек. Балыққа осы ауа райы жарамды. Біздің жоспар, нормативтер бойынша 70-80 пайызы әрі қарай өмір сүруге тиісті",– табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Әсет Тазабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу