1981 және 1987 жылы туған екі науқас есін жимай көз жұмды. Қарқынды реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Қарқынды реанимациялық шаралардан кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі жұмысшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін ақырына дейін күресті. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу