Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

291

Ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен  8 адам жеткізілді.

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды  Фото: Zakon.kz

Қарағанды қаласындағы ферроқорытпа зауытында болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156 бабы 2 тармағына  "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән жайы анықталуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 04:10 YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай орын алды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

Зауытта болған факт бойынша, оқиғаның себептері мен мән-жайларын тексеру үшін Еңбек инспекциясы комиссия құрды.

2024 жылғы 20 шілдеде профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен  8 адам жеткізілді.

"Алты зардап шегуші жансақтау және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустиология бөліміне жатқызылды. Бес зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты, бір пациенттің жағдайы орташа  деп бағаланды. Зардап шеккендер бейінді мамандардың бақылауында", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Қосымша тексерулер жүргізілді. Пациенттердің барлығы қажетті емді толық көлемде алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу