Мамандар сонау Ресейден канадалық қасқыр мен ергежейлі маймыл және ұзынтұмсық әкелсе, Алматыдағы зообақтан Амур жолбарысын жеткізген. Ал жергілікті тұрғындар ақ тырна, мүйізді қарға, күркетауық, бөдене, тасбақа, пониді сыйға тартыпты. Бұл шара "жылы жүрек – жомарт қол" акциясы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кету керек, қазір Қарағандыдағы хайуанаттар бағында аң-құстың 209 түрі бар, жалпы саны 1600-ге жуық. Мұнда жаңа ғимарат салынып жатыр. Бақтың жалпы аумағы 43 гектар болса, бүгінде соның тек 8 гектары ғана пайдаланылып отыр. Сондықтан аңдарға орын жеткілікті дейді мамандар.
"Енді қазір соның бәрін пар-парымен қосып, аңдарымыздың басын көбейтіп, бір-біріне ұйықтырып жатырмыз. Алда амандық болса аңдарамыз төл әкеліп, бір қуантса дейміз. Әкелген кезде аңның қайсы болса да жерсінеді. Мына жолбарысым да жерсінеді. Жанында жолбарыстар тұр. Карантинде тұр. Карантинде жоқ дегенде жарты жылдың көлемінде тұрады", – дейді жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі Серік Рысбек.