Қарағандыдағы облыстық жедел жәрдем станциясына 35 жаңа көлік берілді

956

Қарағандыдағы облыстық жедел жәрдем станциясына 35 жаңа көлік берілді

Қарағанды облыстық жедел жәрдем станциясы 35 жаңа арнайы көлік алды, оның 27-і – реанимобильдер, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Жедел жәрдем қызметінің жаңа көліктері Қазақстанда "КазМедПрибор" кәсіпорнында құрастырылған. Олар адам өмірін сақтап қалу үшін керекті жабдықтармен жабдықталған. Оның ішінде онлайн режимде стационарға нәтижелерін жібере алатын кардиограмма да бар. Сонымен қатар көліктердің бірінде қауіпті вирустық дерті бар науқасты тасымалдайтын арнайы капсула-изолятор орнатылған. Бірнеше көлікте шатырлар, тамақ әзірлеуге арналған электр құралдары, құрғақ тағамдар және жылы киім де қарастырылған. Мұның барлығы дәрігерлер мен фельдшерлерге шалғайдағы аудандарға аттанғанда, шұғыл түрде түнеп қалу керек болса қажет болады. Барлық автокөліктер "ГАЗель Next" және "ГАЗель Бизнес" негізінде құрастырылып жиналған. 
"Енді бізде жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы 100% жабылды. Біз бұл көліктерді лизингке үш жылға облыстық бюджет есебінен алдық. Олардың жалпы құны 450 миллион теңгені құрады", - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Қанат Асқаров. 
Жаңа көліктердің кілттерін Қанат Асқаровқа Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыс етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу