Қарағандыдағы оқушы өлімі: "Бала КВИ-ден қайтыс болған жоқ"

595

Әлеуметтік желілерде Қарағанды мектептерінің бірінде оқыған 2-сынып оқушысының суық тиіп қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. 

Қарағандыдағы оқушы өлімі: "Бала КВИ-ден қайтыс болған жоқ" Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ балалар арасындағы коронавирустық инфекцияның таралу қарқынына да тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Республикамызда жыл басынан бері балалар арасында КВИ-дің 61 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл коронавируспен ауырған ел тұрғындарының 15 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда 95 бала стационарда емделіп жатыр. Олардың жағдайы – орташа. Ал, Қарағандыда болған жағдайға келер болсақ, баланың ата-анасына көңіл айтамын. Қыз баланың қайтыс болу себебі нақты анықталмаған. Тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ та, сот-медицина сараптамасының алғашқы қорытындысы бойынша бала асфиксиядан (құсық массасы әсерінен болған) көз жұмды.  Бала ковидтен қайтыс болған жоқ", - деп жауап берді вице-министр тілшілердің сауалына.

Еске салайық, осыған дейін Қарағандыда дене қызуы көтерілген 8 жасар қыз баланың таңертең оянбағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу