Қарағандыдағы өртке қатысты жаңа мәліметтер анықталды

431

Сегізінші қабаттан секірген азамат, ауруханаға мас күйінде жеткізілді. 

Қарағандыдағы өртке қатысты жаңа мәліметтер анықталды Фото: gov.kz

Қарағандыда үш адамның өмірін қиған өртке қатысты жаңа мәліметтер анықталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшыларының сөзінше, тілсіз жаудың құрсауында қалған үй иелері, түтіннен тұншығып қаза тапқан. Тексеріс барысында, марқұмдардың денелерінде зақымдану немесе күйік белгілері анықталмаған.

Сондай- ақ құзырлы орган өкілдері сегізінші қабаттан секіріп, аман қалған 44-жастағы азамат, темекі қалдығын сөндірмей, ұйықтап қалуы мүмкін деген деректі де жоққа шығармайды. Себебі, зардап шеккен ол, ауруханаға мас күйінде түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу