Қарағандыдағы сауда орталығына "бомба қойылды"

298

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр. 

Қарағандыдағы сауда орталығына "бомба қойылды" Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда City Mall сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

30 қазан күні сағат 14.40-та қарағандылық полицияға City Mall сауда үйіне "бомба қойылғаны" туралы ақпарат келген. Ғимаратта болған адамдар шұғыл эвакуацияланған.

"Қарағанды облысы полиция департаменті оқиға орнына барлық қызметті жіберді. Полиция ғимараттың аумағын тексерді. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ",- делінген хабарламада.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Бүгінгі таңда полиция терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан адамды іздестіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу