Қарағандыдағы саяжайда ер адам мен әйелді атып кеткен

319

Күдікті ұсталды.  

Қарағандыдағы саяжайда ер адам мен әйелді атып кеткен Фото: korrespondent.net

Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 6 қыркүйекте Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы саяжай алқаптарының бірінде болған.

"Денелерінде оқ жарақат белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің мәйіттері табылды. Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, тиісті жауап берді", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу