Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны артты

418

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды.  

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны артты Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін жоғары дәрежелі мамандар тобын Қарағандыға жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік зардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Қазіргі уақытта 18 адам проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді, оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, 1 зардап шегуші амбулаториялық емделуде. Жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланудан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделуде. Бір адам политравмамен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, жағдайы ауыр, тұрақты, есі бар. Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы бір зардап шегуші травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу