Жоғары температура мен қою түтін сөндіру жұмыстарын күрделендірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар балалар тауарларына тән жоғары жанғыш жүктеме де жағдайды ауырлатты.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрттің басқа бутиктерге таралуына жол бермей, 130 шаршы метр аумақтағы отты оқшаулап, сөндіріп үлгерді.
Өрт сөндіруге 60-қа жуық құтқарушы мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Сауда орталығы әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін 250-ге жуық адамды эвакуациялады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу