Қарағандыдағы тастанды бала ата-анасына қайтарылмауы мүмкін

1553

Сәбиді Қарағандыға арнайы әкелген. 

Қарағандыдағы тастанды бала ата-анасына қайтарылмауы мүмкін Фото: ҚР ІІМ

Оңтүстік-Шығыс ауданындағы кіреберістердің бірінде тастанды екі апталық баланың ата-анасы қарағандылық емес екені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, бала қырағы жолаушының арқасында ғана бір өлімнен құтқарылған болатын.

Полицейлер бұл туралы Қарағандының қамқоршылық бөліміне хабарлаған жоқ. Егер ата-аналар жергілікті тұрғындар болса, хабарлар еді. Тәртіп сақшылары баланы безбүйрек ата-ана аязда, қарда өлімге қалдырғаннан кейін 4 күн өткен соң тапты. 22 жастағы анасы мен 27 жастағы әкесі Қарағандыға қонаққа келген екен. Олар некеде емес, расталмаған ақпаратқа сәйкес, әкесі басқа әйелге үйленген. Егер анасы перзентханада баласынан бас тартса, әдетте оған ойлануға мүмкіндік беріледі, деп хабарлады қамқоршылық бөлімі. Бірақ, баланы қауіпте қалдырғаны үшін қылмыстық бап бар.

"Перзентханада егер баладан бас тартса, яғни ата-аналарға мүмкіндік береді. Бұл босанғаннан кейінгі депрессия және т. б.  психикалық жағдайы болуы мүмкін. Жағдай толық зерттеліп жатыр. Содан кейін шешім қабылдайды. Анасы белгісіз жағдайда туған баласын осылай қауіпте қалдырғаны үшін қайтып бермеуі мүмкін. Ата-ана баланың өміріне тікелей қауіп төндіреді", - деп жауап берді Қарағанды қаласы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі Айдын Ботаев.

Бұған дейін Қарағандыда аязды күні көшеге тасталған баланың ата-анасы табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу