Қарағандыдағы тұрақтандыру қорында 768 тонна азық-түлік өнімі бар

1146

Тауарлар әлеуметтік павильондар арқылы таратылады.

Қарағандыдағы тұрақтандыру қорында 768 тонна азық-түлік өнімі бар

Қарағандыдағы тұрақтандыру қорында қазір қарақұмық жармасы, күріш, май, қант және ұн секілді 768 тонна азық-түлік өнімі бар. 2600 тонна өнім: картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат және пияз бар. 

Бұл қорлар маусымдық тапшылық кезеңінде бағаның айтарлықтай өсуіне жол бермеу үшін қажет.

"Күзде біз қарақұмық бойынша интервенция өткіздік. Оны 185 теңгеден сатқан. Сондай-ақ біз картопты 65 теңгеден жібердік. Қазір біз қырыққабат бойынша интервенция өткіземіз. Оның бағасы 83 теңге. Бұл тауарларды нарықта бәсекелестік құру және бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік павильондар арқылы таратамыз", – дейді "Сарыарқа" ӘКК басқарма төрағасы Марғұлан Кәрібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу